23 Сәуір, 2021

Нұр-Сұлтан-Көкшетау тасжолындағы кафеде жерасты казино анықталды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан-Көкшетау тасжолындағы кафелердің бірінде жерасты казино әшкере болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан-Көкшетау тасжолындағы кафеде жерасты казино анықталды

«Жол бойындағы кафе ғимаратында орналасқан казино заңсыз болып есептеледі. Тексеру барысында 1 миллион теңгеден аса қаражат пен 900 АҚШ доллары, покер ойнауға арналған фишкалар мен ойын карталары табылды», деп хабарлады департамент өкілдері.

Сондай-ақ осы секілді құқықбұзушылыққа куә болған жағдайда сенім телефонына хабарласуға кеңес берді.

«Құрметті азаматтар! Қаржы саласындағы құқықбұзушылыққа кез болсаңыз немесе осындай деректер сізге белгілі болса, Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 8(7162)25-62-84 сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз», деді ведомство өкілдері.

Гаухар ҚАПАШ