Үкімет • 23 Сәуір, 2021

Мемлекеттік хатшы: Фермерлер өткізу нарықтарына делдалсыз шыға алатын болуы тиіс

168 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

уыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру да өзекті мәселе. Бұл туралы Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына арналған «Қазақстанның қой шаруашылығы: өткені, бүгіні және келешегі» тақырыбындағы конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекеттік хатшы: Фермерлер өткізу нарықтарына делдалсыз шыға алатын болуы тиіс

«Әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбектің қойылуы өте орынды. Ата-бабаларымыз елдің көсегесі еңбекпен көгеретіндігін, еңбек арқылы ғана ұшпаққа шығуға болатындығын ұрпағына аманат ретінде айтып кеткені белгілі. Халықтың әл-ауқаты жақсаруы үшін ең әуелі саналы, еңбекқор, кәсіп пен бәсекеге бейім ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Бұл үшін әділеттілік қағидаттарын алға шығару керек. Еңбек сіңіруден бастап, марапат беруге дейін мемлекет қана емес, қоғамның да көзқарасы әділ болғаны дұрыс. Ең бастысы отандастарымыздың санасына еңбектің қадірі мен кәсіпқойлық рухын сіңіруге тиіспіз. Адам өзіне, өзінің күш-жігеріне, біліміне сеніп, ерінбей еңбек еткенде ғана шынайы бақытқа, мол дәулетке жете алатындығын ұғындыруымыз керек. Сондай-ақ азаматтардың бойына сондай сенім ұялата алуымыз қажет», деді Мемлекеттік хатшы.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, еңбек күшін жаңа технологиялармен ұштастыра білу де заман талабы.

«Қазіргі таңда Қазақстанның агроөнеркәіп кешенін инновациялық бағытқа түсіре білу өте маңызды. Бұл біздің дәстүрлі саламыз. Дүниеде азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермелер уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерге малданып қалмай, өндірістік өсім жөнінде ойлануға тиіс», деді ол.

Мемлекеттік хатшы жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеге өсе беретіндігін, жермен жұмыс істейтіндер ең алдымен жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттырып, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізуі керектігін баса айтты.

«Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, болашақ аграрлық секторда, әсіресе шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақмерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз тікеле шыға алатын болуы тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру да өзекті мәселе», деді Қырымбек Көшербаев.