Бағдарламалар • 24 Сәуір, 2021

«Киелі табиғат» экологиялық акциясы басталды

927 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Аида Балаеваның қатысуымен «Киелі табиғат» экологиялық акциясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Киелі табиғат» экологиялық акциясы басталды

Акция Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық бақта барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуымен өтті.

«Бүгін біз «Киелі табиғат» экологиялық акциясын бастап отырмыз. Жалпы, ата-бабамыз әрқашанда табиғатты аялау, құрметтеу деген философиямен өмір сүрген. Бабаларымыз осы тәрбиені, тәлімді аға буынның бойына сіңірді. Енді ең бастысы осындай акциялар арқылы сол тәлім-тәрбиені өскелең ұрпақ болашақ ұрпаққа жеткізуі өте маңызды. Сондықтан бүгінгі акция еліміздің барлық елді мекендерінде басталып отыр. Өздеріңіздей жастар ұйымының белсенділері, жетекшілері осындай акцияларды қолдап, оған қосылатын адамдар санын көбейтіп отырса маңызы арта түседі. Акция аясында ағаш отырғызу, өзендерді тазалап, бұлақ көзін ашу, ауылдар мен қалаларда сенбілік өткізу көзделген», деді Аида Балаева іс-шара барысында.

 

5

Министр Қазақстан Президенті экологиялық білім мен тәрбиеге ерекше назар аударып отырғандығын, соған орай бірқатар мемлекеттік органға нақты тапсырма бергендігін атап өтті.