Кино • 26 Сәуір, 2021

«Оскар – 2021» киножүлдесінде басты фавориттер кімдер?

450 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін әлем жұрты асыға күткен кинематография саласындағы әйгілі «Оскар» кинопремиясын салтанатты табыстау рәсімі онлайн режімде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Оскар – 2021» киножүлдесінде басты фавориттер кімдер?

1.«Көшпенділердің жері»

«Оскар – 2021» премиясына басты үміткерлердің бірі – Фрэнсис МакДорман. Ол роуд-муви жанрында түсірілген туындыда америка құрлығына сапар шегіп, шытырман оқиғаларға тап болады. Аталған фильмді үнді киногері Хлои Чжао таспалайды. Ол кезекті картинасында көрермендерді жесір қалған әйел жанын түсінуге және өмір жолындағы тылсым сырларын ашуға шақырады.

1

2.Келесі Дэвид Финчердің «Манк» монументалды жұмысы – классикалық кино өнері жайында өрбімекші. Режиссердің ақ-қара фильмі 1930 жылдардың аяғындағы эстетикаға, атап айтқанда, «Азамат Кейн» туындысының операторы Грегг Толандтың стиліне еліктейді.

1

3.Топ үштікті «Әке» фильмі толықтырып тұр. Бұл фильмде қоғамда болып жатқан қайшылықтар көрініс табады. Яғни, баланың есейе келе, ата-анасына деген құрметі азайып, әкенің қадір-қасиетінің қаншалықты төмендеп бара жатқаны сөз болады.

1

4.«Чикаголық жетіліктің соты»

Осыдан 13 жыл бұрын «Вьетнам соғысының қарсыластары» туралы фильмді Аарон Соркиннің сценарийі бойынша Стивен Спилберг түсіруді жоспарлаған. Кинокартинада елдегі азаматтық соғыстың жай-жапсары айтылады.

1

5.«Яһуда мен қара Мәсіх»

Бұл фильмде де оқиғалар «Чикаголық жетіліктің соты» сияқты азаматтық құқықтар үшін қызу күрес кезіне бағытталған.

 2

6. «Минари»

«Минари» – Оңтүстік Корея Республикасының кезекті фильмі.  Қарапайым фермер АҚШ-қа арман қуып, қиялындағы мақсаттарын жүзеге асыруға талпынады.

 1

7.«Үміт артатын қыз»

Бұл Кэри Муллиганның дебюттік фильмі. Эмиральд Феннел есімді кейіпкер  мансабын құрбан етіп, өзіне зардабын тигізген адамнан барынша кек алуға тырысады.

 1

8.«Металлдың дыбысы»

«Металлдың дыбысы» әдеттегі «Оскар» фильміне емес, еуропалық артхаус драмасына ұқсайды.

1

9.«Ма Рейни: «Блюздің анасы»

Фильмнің сценарийі әйгілі Бродвей қойылымына, яғни ескіше сөйлеу мен театрға негізделген.

1

10.«Тағы бір рет»

Фильм режиссердің қайтыс болған қызы Ида Уинтербергке арналған.

 1