Әлем • 26 Сәуір, 2021

Байден «Армян геноциді» туралы айтты

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ прези­денті Джо Байден «1915 жылы армяндар Осман империясы тарапынан қысымға ұшыра­ды. Және бұл геноцид екенін мойындап, тиісті атауын беруіміз керек» деп мәлімдеме жасады.

Байден «Армян геноциді» туралы айтты

 

Сонымен қатар президент Байден бұл мәлім­демені біреуді айыптау үшін емес, енді ол оқиға қайталанбасын деген ниетпен айтып жатқанын ескертті.

Түркия болса қандай да бір қысым болғанын, дегенмен оны «геноцид» деп атауға келмейтінін айтты. Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чаву­ш­оғлы сенбіде Байденнің мәлімдемесіне қатыс­ты пікір білдірді. Ол бұл айыппен Түркия еш келіс­пейтінін, оны жоққа шығаратынын хабарлады.

«Қазір айтылған сөздер тарихымызды қайта жазып бермейді. Біз өткенімізден сабақ алатындай ештеңе істемедік. Саяси оппортунизм – әділет пен бейбітшілікке жасалған ең үлкен сатқындық. Бар ойлағаны – популизм болған мәлімдемені толықтай жоққа шығарамыз», деді түрік министрі.

1981 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Рональд Рейган Холокостқа қатысты «Америкалық геноцид» терминін қолданған болатын. Дегенмен, одан кейінгі президенттер бұл сөзді атау­дан бас тартып, осы кезге дейін бірде-бір оқиғаға қатысты мұндай мәлімдеме жасамады. Тіпті Дональд Трамп та бұл оқиғаны «ХХ ғасырдағы жаппай қысым көрсету» деп атаған-ды.

Байденнің мәлімдемесі Армения тарапын қуантты. Премьер-министр Николь Пашинян «АҚШ адам құқық­тары мен әлемдік құндылықтарға бейжай қара­май­тынын тағы бір рет дәлелдеді», деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.