Пікір • 26 Сәуір, 2021

Мораторий – дұрыс шешім

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер комиссиясы қысқа уақыт қана жұмыс істеді. Бірақ уақыттың тығыздығына қара­мас­тан, жер мәселесіне қатысты ауқымды әрі өзекті көптеген сұрақты талқылап үлгердік.

 

Мораторий – дұрыс шешім

Комиссия жұмысының нәтижелі болғандығы алдын ала құрылған шағын топтардың атқарған тыңғылықты еңбектері мен жер мәселесіне әділ көзқарасының арқасы деп білемін. Себебі осы топтардың жұмысында көптеген маңызды мәселе жан-жақты зерделеніп, комиссия назарына ең өзектілері ғана ұсынылды.

Қызу талқыға түскен мәселелердің алдыңғы қатарында – жерді жалға беру, жалға беру уақытын ұзарту, субаренда, жерді жалға алу құқы бойынша өзара қарым-қатынастарды заңдастыру секілді көпшілікті толғандырып жүрген мәселелер болды.

Ең маңыздысы – комиссияның басты шешімі – жерді сатуға алдағы 5 жылға мораторий жариялау ұйғарылды. Бұл – қазіргі уақыттағы ең дұрыс шешім. Жер тағдыры таразыға түскен сын сағатта қабылданған бұл шешімді жер комиссиясының осы уақытқа дейін атқарған ауқымды жұмысының үлкен жетістігі деп білемін.

 

Иван САУЭР,

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы Агроөнеркәсіптік кешені комитетінің төрағасы