Жайылымдық жерлердің, ауыл шаруашылығына қажет судың жетіспеушілігі, маман тапшылығы, тұқымдардың қымбаттығы мен тозығы жеткен техника. Ауыл шаруашылығы саласындағы осы және өзге де шешімін таппаған түйіткілді мәселелер «Nur Otan» партиясының Аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысында талқыланды. Осы жиында жаңа кеңестің құрамы бекітіліп, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары да айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңестің басты міндеті – ауыл шаруашылығы саласындағы сайлауалды уәделердің іске асырылуын бақылау. Бүгінде азық-түлік бағасының қымбаттауы өте өзекті болып отыр. «Nur Otan» партиясының Хатшысы Марат Сембеков атап өткендей, өткен жылы қант пен өсімдік майының бағасы 34-36%-ға, жармалар – 29%-ға, көкөністер мен жемістер – 15-20%-ға өсті.
Ол партия жаңа Кеңесінің мүшелеріне уәкілетті органдармен бірлесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген өндіріс қуатын арттыру, ет-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжайларды салу және жаңғырту, егіс алқаптарын кеңейту есебінен ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қарауды ұсынды.
Кеңес мүшесі Ярали Халилов агроөнеркәсіп саласында объективті статистиканың жоқтығын алға тартты. Ол соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің айтарлықтай өсуі байқалғанымен, алайда импорттың одан да өсе түскенін атап өтті. Мәселен, 2015 жылы импорт көрсеткіші 3,4 млрд АҚШ долларын құраса, өткен жылы 4 млрд АҚШ долларынан асқан.
«Осыған байланысты кейбір статистикада көрсетілген деректер шындыққа жанаспауы әбден мүмкін», деген Ярали Халилов өз күмәнін жеткізді.
Кеңес мүшесі Сергей Звольский азық-түлік бағасының өсуіне тоқталды. Оның айтуынша Петропавлда 1 келі картоптың бағасы 400 теңгеден асқан. Сонымен қатар ол өсімдік шаруашылығындағы қиындықтарға да тоқталды.
«Суару жағы қиындық тудырғандықтан, бағбандарға бау-бақша күтімімен айналысу мүмкін болмай тұр. Көкөніс өсіруге дайын кәсіпорындар бар, алайда тағы да су тапшылығы кедергі келтіруде. Электр қуатының жағдайы да мәз емес. Біз электр қуатын алатын балама көздерді қарастыруымыз керек. Себебі қазір электр энергиясының бағасы аспандап кетті», деді Сергей Звольский.
Өз кезегінде Кеңес мүшесі Серік Темірханов агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында балық шаруашылығының жоқтығын алға тартты.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері ауыл шаруашылығының әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, ай сайын аграршылар көтерген мәселелерді қарап және оны шешуге, сондай-ақ келесі отырыста ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының есебін тыңдауға шешім қабылдады.
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Бүгін, 22:37
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 21:23
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:40
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Ташкентте коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталықтар қайта ашыла бастады
Әлем • Бүгін, 18:46
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:39
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:33
Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:38
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:31
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар