Қоғам • 26 Сәуір, 2021

Ұлттық Банк коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық Банк коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады

Монеталарды 28 сәуірден бастап kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс.

Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, «proof» дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм болатын монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалды.

Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Монеталар кәдесый орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.