Ауа райы • 26 Сәуір, 2021

Қазақстанда 36 градус ыстық болады

2011 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 27-29 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 36 градус ыстық болады

Атлантикалық циклонның әсерінен кезеңнің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26°С-қа дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36°С-қа дейін көтеріледі.

Кезең соңында ауа райы күрт өзгереді. Солтүстік-Батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде, елдің солтүстігінде 3°С аяздан 5°С жылыға, күндіз 8-15 °С жылыға дейін төмендеуі мүмкін.

Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз 20-28°С жылы болады. Жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін.