Тағайындау • 26 Сәуір, 2021

ҚТЖ-да бірқатар тағайындау болды

668 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының басшылық құрамы өзгерді. Бұл туралы компанияның БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚТЖ-да бірқатар тағайындау болды

Қайсар Жұмабайұлының айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы болып Бауыржан Орынбасаров тағайындалған.

«Бұған дейін ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамындағы «Магистралдық желі дирекциясы» филиалының директоры болды. Еңбек жолын 1994 жылы жолдар бойынша кезекші болып бастаған. Әр жылдары бас инженер болып жұмыс істеді, ҚТЖ филиалдарын – жолдың аймақтық бөлімдерін басқарды; вице-президент, ҚТЖ басқарма төрағасының инфрақұрылым жөніндегі орынбасары болды», деп мәлімдеді департамент директоры.

Одан өзге, басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Ержан Жақышев, басқарма төрағасының жүк қозғалысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Қанат Әлмағамбетов тағайындалды.