Бұл курстық даярлық білімді, дағдыларды және кіші командалық құрамның командирлік қасиеттерін жетілдіру мақсатында өткізілетін іс-шаралар кешені.
Оқуды ұйымдастыру барысында орындайтын лауазымдық міндеттерден бір саты жоғары лауазымды атқару үшін қажетті дағдыларды дамытып әрі бекітуге, бағынысты жеке құраммен сабақтар өткізу кезінде әдістемелік шеберлікті арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
– Оқу тәмамдағаннан кейін тыңдаушыларға оқу пәндерінен сынақтар мен емтихандар кешенін тапсыруы қажет. Әр сержант теория мен практикалық жағынан бағаланатын болады. Емтиханды үздік тапсырғандарға сертификаттар беріледі, – деді Әскери колледж бастығының оқу бөлімі бойынша орынбасары подполковник Роман Холод.
Оның айтуынша сержантты жоғары лауазымға тағайындау барысында жеке дайындық деңгейінің көрсеткіштері міндетті түрде ескеріледі.
Біліктілікті арттыру курстарына «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс», «Астана» төрт өңірлік қолбасшылықтан, сондай-ақ Зымыран әскерлері мен артиллерия және Десанттық шабуылдау әскерлерінен барлығы 40-қа жуық сержант қатысты. Аталған оқу осы жылдың 29 сәуіріне дейін жалғасады.