Қоғам • 27 Сәуір, 2021

Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінен коронавирус індеті анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды

«Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын», деп жазды М. Әшімбаев Facebook-те.

жд

Сенат спикері атап өткендей, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ.  

«Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік», деді ол.