Оқиға • 27 Сәуір, 2021

Ақмола облысында ер адам садақа жәшігін ұрламақ болды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында мешіттен садақа салынған жәшікті ұрлау әрекеті сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақмола облысында ер адам садақа жәшігін ұрламақ болды

2021 жылдың 25 сәуірінде Шортанды ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның ғимаратта садақа жиналған жәшікті ұрлау әрекеті жасалғаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері белгісіз адамның терезені сындыру арқылы адамдардың ерікті қайырымдылық қорабын ұрлауға тырысқанын анықтады.

Полиция қызметкерлері мешітте және елді мекеннің периметрі бойынша орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, сондай-ақ жедел-тергеу іс-әрекеттері арқылы күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Шортанды кентінің 44 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті мешітке кіріп, жәшіктегі құлыпты аша алмағаны, қылмыстық ойынан бас тартқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 24-баптың 3-бөлігі – 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлыққа оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты «келу міндеттемесі» мәжбүрлеу шарасы таңдалды.