Әскери жасақ бастығы ефрейтор Рүстам Сатуалдин және патрульшілер қатардағы Диас Айдарбек, Нұртілеу Үрістамбеков айтылған ауданға беттейді. Сипаттамаға келетін азаматтың қасына жақындағанда әлгі ер адам қолын көтеріп, өз еркімен тәртіп сақшыларына беріледі.
Ұландықтар азаматты ұстап, 102 нөміріне хабарлайды. Әскери жасақтар бойынша кезекшіні шақырып, Қостанай қаласының Солтүстік полиция бөліміне жеткізеді.
Тінту барысында 1985 жылы туған азаматта өзімен пневматикалық GIetcher NGT 4.5 mm BIack (Наган) тапаншасы және 4 оқ-дәрі табылған.