Аймақтар • 27 Сәуір, 2021

Ақмола облысында медбике 1 млн теңге жымқырған

2384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі жеке медициналық мекемеден 1 миллион теңгеден астам ақшаның қолды болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысында медбике 1 млн теңге жымқырған

«26 сәуірде Целиноград аудандық Полиция департаментіне Ақмол ауылының 26 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Шағымданушының айтуынша, белгісіз біреу сәуірдің 7-26 күндері аралығында жеке медициналық мекеме есігінің кілтін ашып кіріп, сейфтен 1 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған», дейді ПД өкілі.

Аталған жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 188 бабы «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған.

«Жедел іздестіру шарасы барысында арыз иесінің өзі ақшаны алып, екі ай бойы жұмсағаны, кейін ауырып қалғаны анықталды. Жұмысқа шыққан соң ол өз қылмысын жасыру үшін полицияға жалған арыз берген. Әйел қылмысын мойындады. Қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 419 бабы «жалған мәлімет беру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» дейді ведомство өкілі.