Спорт • 27 Сәуір, 2021

Әуесқойлар арасында шағын футболдан турнир өтті

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық футбол күніне орай Велотрек стадионының футбол алаңында шағын футболдан әуесқойлар арасында турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуесқойлар арасында шағын футболдан турнир өтті

Жарысқа физикалық дайындығы бар кез-келген 18-35 жас аралығындағы азаматтар қатысты. Аталған ойындардың ерекшелігі бір уақытта ерлер мен әйелдер турнирінің өтуі. Алаңға 8 команда шықты, оның екеуі әйелдер командасы.

Шараның ұйымдастырушылары FITCAMP жастар қозғалысының белсенділері.

Жоба бұқаралық спортты дамытуға бағытталды. Бағдарламаға: дене жаттығуы, флэш-моб, белсенді ойындар, шағын футбол кірді.

Шараның ашылуына Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев қатысты. Ол елімізде бұқаралық спорттың қарқынды дамып келе жатқандығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35