Коронавирус • 28 Сәуір, 2021

QazVac вакцинасы қалай әзірленді?

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының қалай әзірленгендігі жайында мәлімет жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

QazVac вакцинасы қалай әзірленді?

2020 жылғы наурыз айында Қазақстанда коронавируспен ауырған алғашқы адам анықталды. 23 наурызда науқастардан патологиялық материалдар алынды. Материалдан COVID-19 вирусы бөлініп, оның биологиялық қасиеттері зерттелді. Осы уақыттан бастап қазақстандық ғалымдар бірден вакцина әзірлей бастады.

9 мамырда ғалымдар QazVac (QazCovid-in) вакцинасын әзірлеп шығарды. 15 мамырда Денсаулық сақтау ұйымы оны кандидаттық вакцина ретінде тіркеді жене ғалымдар зертханалық жануарларға егу арқылы клиникаға дейінгі зерттеуді бастады.

Маусым айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы зерттеудің оң нәтижелерін мойындады. Шілдеде ғалымдар өздері жасап шығарған QazVac (QazCovid-in) вакцинасын алғашқы болып өздеріне салғызды. 17 қыркүйекте 44 еріктінің қатысуымен I кезеңнің клиникалық зерттеулері басталды. Нәтижесінде вакцина жоғары қауіпсіздігін көрсетті, еріктілердің жағдайы қалыпты.

17 қазанда клиникалық зерттеулердің II кезеңі басталып, оған 200 ерікті қатысты. Нәтижесінде вакцина жоғары иммуногенділік пен тиімділігін көрсетті. 19 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулердің соңғы III кезеңін жүргізуге рұқсат берді, оның аясында 3 мың еріктіге QazVac (QazCovid-in) вакцинасы салынды. Вакцина 21 күн аралықпен 2 рет егіледі. Еріктілердің қанында қажетті қорғаныс антиденелері пайда болды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасын клиникалық сынақтардан тыс өздеріне салғызды.