Автобус жүргізушілерінің бұлай наразылық білідіруіне 4 айдан бері жалақыларын ала алмауы себеп болған. Жолаушы тасымалымен айналысатын екі компанияның қызметкерлері жалақыларын бұған дейін де бірнеше рет талап еткен, алайда компания басшылығы құрғақ уәдемен алдап келген. Телеарна тілшісінің мәліметінше, еңбекақыдан қағылған 100-ге тарта жүргізуші ақшаларын ала алмай әлек. Ал әкімдіктегілер жұмысшыларын жалақысыз қалдырған қос серіктестік алдында берешегіміз жоқ деп сендіреді.
«Алматы облысы бойынша Еңбек инспекциясы басқармасы, Талдықорған қаласының прокуратурасы өкілдерінің және екі кәсіпорын басшылығы қатысқан кеңс өткізілді. Отырыс қорытындысы бойынша, кәсіпорындардың қызметін тексеру жөнінде шешім қабылданды», деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз өкілі Нұр Қанатұлы.