Тағайындау • 28 Сәуір, 2021

Қазақстанның Украинадағы жаңа құрметті консулы тағайындалды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинаның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Днепр қаласындағы жаңа құрметті консулы Инна Медяникке консулдық экзекватураның ресми тапсыруы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Украинадағы жаңа құрметті консулы тағайындалды

Экзекватураны Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтың қатысуымен тапсырды.

Тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың барлық салаларында ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.

Айта кетейік, құрметті консулдық – құрметті консул (штаттан тыс) басшылық ететін мекеме. Құрметті консул өзі өкілдік ететін елде мемлекеттік лауазым атқармайтын, өз қызметін тегін негізде орындайтын азамат. Оның міндетіне өзі өкілдік ететін мемлекет пен оның азаматтарының құқығын қорғау кіреді. Алайда ол виза және өзге де ресми құжаттарды беру мәселесіне жауап бермейді.