Қазақстан • 28 Сәуір, 2021

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы басталды

936 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы басталды

Сессия жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.

Сессия жұмысына онлайн форматта 600-ден астам адам қатысады деп жоспарланған. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар. 

ҚХА-ның XXIX сессиясын жариялау үшін «Қазмедиа орталығы» ғимаратында баспасөз орталығы жұмыс істеп тұр.