Сәуір айының басында Аман ағамыздың «Преодоление» (Беласу) атты автобиографиялық кітабы Мәскеудегі «Вече» баспаханасынан 5 мың тиражбен оқырманға жол тартты. Аталмыш кітаптың редакторы және тапсырыс беруші Глеб Стафеев бізбен әңгімесінде кітаптың мамыр айының бас кезінде айналымға шығатынын, штрих-код арқылы ұялы телефонға жүктеп алуға болатынын және кітапты шығару барысында бейнеиллюстрацияның мүмкіндіктері қолданылғанын айтты. Бұл дегеніңіз кітаптың эклектронды нұсқасында Аман ағаның өмір жолдарын көрсететін бейнекөріністерден танысуға болады деген сөз.
Глеб Стафеев нақтылап өткендей, «Преодоление» (Беласу) тақырыбы айтып тұрғандай, саясаттанушы, мемлекет қайраткерінің Мәскеудегі қызметі, президент сайлауына түскен кезеңдегі ғұмырнамасы, Кузбассты басқарған кезеңдері қамтылған. Биыл құрылғанына 30 жыл толатын ТМД елдері туралы қызықты мәліметтер, автордың оған көзқарасы жайлы қызықты деректерді де осы кітаптан табуға болады.
Кітапқа тапсырыс берген, жарық көруіне жағдай жасаған шығармашылық топ өкілдері маусым айында Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында Аман ағаның сиясы кеппеген туындысын елге әкеліп, таныстыруды жоспарлап отыр.