Елбасы • 28 Сәуір, 2021

Каспий теңізінде қазақстандық Ривьера салынады – Нұрсұлтан Назарбаев

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында Каспий теңізінде қазақстандық Ривьера салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий теңізінде қазақстандық Ривьера салынады – Нұрсұлтан Назарбаев

«30 жыл ішінде Қазақстан жылнамасында көптеген жарқын беттер жазылды. Біз күн сайын алға жылжып, өзімізге жаңа өршіл мақсаттар қойдық. ҚХА-ның әрбір сессиясында мен осындай баяндамалармен сөз сөйлеймін. Барлық жетістіктер бүгін тізімде жоқ. Бүгінде бүкіл әлем сынақтан өтіп жатқан кезде біз елдің дамуын жалғастырып, экономиканы жаңғыртудамыз. Біз кәсіпорындар ашып, жаңа қала салып, Каспий теңізінде қазақстандық Ривьераны тұрғызамыз. 1000 адамға арналған бір қонақ үй әлемдегі кез келген қонақ үйден жақсы. Анталиядан жақсы. Осындай тағы үш кешен қазақстандық Ривьера болмақ. Біз мұның бәрін пандемия жағдайында жасаймыз», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтіп жатыр.

Сессия жұмысына онлайн форматта 600-ден астам адам қатысып жатыр. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.