Елорда • 28 Сәуір, 2021

Бас қалада тағы 10 жаңа тұрғын үй кешені қолданысқа беріледі

35 рет көрсетілді

Биыл Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында кезекте тұрғандарға 1858 пәтер несиеге беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасының басшысы Əрсен Жаңғасқанов қалалық мәслихаттың кезекті отырысында айтты.

 



- Тұрғын үй құрылысын дамытуға 3 жылда 114 млрд теңге бөлінген болатын. Оның 14,2 млрд теңгесі 2018 жылы, 26,3 млрд теңгесі 2019 жылы, 74 млрд теңгесі 2020 жылы бөлінді. Баспана салу «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында бюджет қаражаты есебінен іске асып жатыр. Есепті мерзімде қала бойынша 3 881 пәтерді қамтыған 16 көпқабатты тұрғын үй кешені қолданысқа берілді. Оның ішінде 8-і 1399 пәтерді қамтыған арендалық тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Көпбалалы отбасылар мен жас отбасылар үшін 2565 арендалық баспана сатып алынды. 2018 жылы 635 пәтерлі 4 тұрғын үй кешені, 2019 жылы 1484 пәтерлі 6 түрғын үй кешені, 2020 жылы 1862 пәтерлі 6 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, - деді шенеунік.

Басқарма басшысы биылғы жылдың жоспарын да таныстырып өтті. 

«2021 жылы 43,5 млрлд теңге игеру жоспарланған. Биыл басқарма 7793 пәтерді сатып алып, қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Олардың жалпы ауданы 392 мың шаршы метр болмақ. 10 көпқабатты тұрғын үй кешенін қолданысқа берудің есебінен 4035 пәтерді қолданысқа беру жоспарланған. Ал жылжымайтын мүлік нарығынан 1580 арендалық пәтер сатып алу жоспарда бар. 2020 жылы проблемалық нысандардағы құрылысты аяқтау үшін бөлінген кредиттерді қайтару жолында «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы кезекте тұрғандарға 1858 пәтер кредитке беріледі», деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар

Меркель қызметінен кетті

Саясат • Бүгін, 17:30

Сарапшы Головкинді қатты сынап тастады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 16:15

Ұқсас жаңалықтар