Аймақтар • 28 Сәуір, 2021

Оралда пара алған экс-басқарма басшысына қатысты жаңа дерек анықталды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Қайыповқа қатысты қылмыстық іс сотқа қайта берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда пара алған экс-басқарма басшысына қатысты жаңа дерек анықталды

Айта кетейік, 2020 жылдың тамыз айында басқарма жетекшісі Қайыпов жоғарыда айтылған келісімге кедергісіз қол қойып, атқарылған жұмыстарды қабылдап, медициналық жабдықтарды кедергісіз қабылдағаны үшін жалпы соманың 10 пайызын яғни 7,8 миллион теңгені талап еткен. Биыл қаңтар айында Орал қалалық сотында басқарманың экс-басшысына қатысты іс қайта қаралды. Онымен бірге сотталушылар орындығында оның серіктесі Серік Тұралиев болды.

Алайда прокурор істі тергеуге қайтару керек деп өтініш білдірді. Себебі тергеу қылмыстық іске қатысы бар тағы бір тұлға – Айдос Себепов пайда болды. Айыпталушылардың айтуынша, олар оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Бұған дейін де Болатбек Каюпов пен Серік Тұралиевтің өзі сот талқылауы кезінде ол туралы бірнеше рет айтқан. Куәгер Булекова сотталушылардың сөз рас екенін, себебі Серік Тұралиевтің өзін бастапқыда сол «Айдостың» атынан келгенін тілге тиек етті. Сот отырысында судья Асқар Исмайлов өтінішті қанағаттандырды.

Белгілі болғандай, 27 сәуірде аталған іс екінші рет сотқа берілген. Бұл жолы сотталушылар орындығында екі адам емес, үш адам болады. Олар: Болатбек Каюпов, Серік Тұралиев және Айдос Себепов. Келесі сот судья Найли Жүнісованың төрағалығымен қаралатын болады.