Экология • 28 Сәуір, 2021

Нұр-Сұлтанда экологиялық білім апталығы өтіп жатыр

731 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада сәуір айының соңына дейін жалпы республикалық экологиялық білім беру апталығы өтеді. Іс-шара оқушылардың табиғи ресурстарға қатысты экологиялық санасын тәрбиелеуге бағытталған, деп хабарлайдым Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда экологиялық білім апталығы өтіп жатыр

Экоапта шеңберіндегі іс-шараларға 1-11 сынып оқушылары, педагогтар, оқушылардың ата-аналары қатысады. Олар үшін экологиялық тақырыпта онлайн-конкурстар ұйымдастырылды.

27 сәуір күні 1-2 сынып оқушылары арасында «біздің үйдің жануарлары» үздік сурет байқауы өткізілді. 3-4 сынып оқушылары «мен табиғатты аялаймын» атты әлеуметтік эко-плакаттар, «өлкеміздің табиғатына қамқорлық», «бұл әлем қандай керемет» атты фотоконкурс дайындады.

Бүгін 1-11 сынып оқушылары өңделген қалдық материалдарынан жасалған бұйымдар байқауына, «сары түске лақтыр» акциясына қатысты.

Ертең волонтерлердің басшылығымен мектептерде «Менің қаламның болашағы» жобалар байқауы, «Eco-Qolday-еріктілік: нәтижелер, бастамалар, болашақ жоспарлар» қалалық семинары өтеді.

Экологиялық апта ата-аналардың қатысуымен және жеңімпаздарды марапаттаумен, мектеп пен үйдің аумағын тазалаумен аяқталады.

Айта кету керек, іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.