Күрес • 28 Сәуір, 2021

Бұрымды балундар әлемдік іріктеу сынына дайындалып жатыр

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Ақмола облысында дайындықтарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрымды балундар әлемдік іріктеу сынына дайындалып жатыр

23 сәуір күні басталған оқу-жаттығу жиынына барлығы 14 бұрымды балуан қатысуға шақырту алған. Жоспар бойынша аталған жаттығу жиыны әлемдік іріктеу додасына дайындық болып саналады. 

Нұрлан Аманқосов жетекшілік ететін ұлттық құрама спортшыларының жаттығуы 5 мамырға дейін жалғасады.

Айта кетерлігі, Олимпиадаға іріктеу турнирі Болгарияның София қаласында 6-8 мамыр күндері өтеді.