Руханият • 29 Сәуір, 2021

Ер-азаматтарға ең тартымды сыйлықтар

597 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отан қорғаушы күні қар­саңында қазақстандық ер-аза­маттарға қандай сыйлықтар сатып алынады?

Ер-азаматтарға ең тартымды сыйлықтар

AliExpress-тің маркетплэйс статистикасына сүйенсек, қазақстандықтар үшін ең танымал сыйлықтар киім түрлері болмақ. Айталық, наурыз айының басынан сәуір айының ортасына дейін спорт және кэжуал тауарлардың сатылымы – 2,8, кепка, бейсболка және өзге де бас киім түрлерінің сатылымы – 2,5, шарфтар мен қолғаптардың сатылымы – 2,2, худи, свитшот пен футболкалар сатылымы 2 есеге өскен.

Алыстан басқарылатын ойын­шықтар мен гаджеттер де қазақстан­дықтар арасында ең тартымды сыйлық түріне айналған. Оған сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өскен. Бұл санатта ең танымал тауар­ларға бағасы 30 мың мен 400 мың теңге аралығында болатын дрондарды жатқызуға болады. Платформада жоғары сұранысқа балық аулауға арналған тауарлар да ие болды. Оның ішінде алыстан басқарылатын жемге арналған қайық, балық тазалайтын электрлі пышақтар, спинингтер мен қармаққа бекітілетін теміршелерге сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен. 

Отан қорғаушылар күніне арналған дәстүрлі сыйлықтар да назардан тыс қалмады: платформадан бағасы 1 мың мен 15 мың теңге аралығындағы әмиян, белдіктер, жеңілгектер, күннен қорғайтын көзілдіріктер және өзге де әшекейлер, қырынуға арналған құралдар және бағасы 2 500-ден 25 мың теңгеге дейінгі жеке гигиенаға арналған құралдар сатып алынған. Ал мейрам қарсаңындағы ең қымбатқа сатып алынған тауар – бағасы 860 мың теңге тұратын барбекю пісі­руге арналған инфрақызылды газ жанарғылар жинағы. Мейрам алдын­дағы ең қымбат тауарлар қатарына бағасы 415 мың теңге болатын анти­гравитациялық әсері бар массаж орындығы да кірді.