Әлем • 29 Сәуір, 2021

Қазақстан коронавирусқа қарсы ұлттық вакцинасын енгізді

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қазіргі кезде кли­ни­калық зерттеулердің ІІІ са­ты­­сындағы QazVac атаулы ұлт­тық вакцинасының көмегімен коро­на­вирусқа қарсы вакциналау нау­қанын бастады.

Қазақстан коронавирусқа қарсы ұлттық вакцинасын енгізді

Ұлттық телеарналардың де­ре­­­гінше, Қазақстан бойынша Биологиялық қауіпсіздік проб­­­лемалары ғылыми-зерттеу инс­­­­­титуты әзірлеген екі дозалы вак­цинаның 50 мың дозасы та­ра­­тылған. Денсаулық сақтау ми­­нистрі Алексей Цой теле­ди­дарда тікелей эфирде өзіне вакцинаның алғашқы дозасын салдырды. Осыдан соң А.Цой өзін жақсы сезінетінін жеткізді және Үкіметтің Түркиямен ауқымды көлем­дегі жаңа партияның өнді­рісі туралы келісімдер жүр­гі­зіп жатқанын айтты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Covid-19 вирусына қарсы жеке вакцинасын жасап шығарған әлем­­дегі санаулы ел санатындағы ай­рық­ша ғылыми жетістік екенін атап өтті.

Қазақстан коронавирусқа вакциналау науқанында көш бастап тұрған ресейлік Спутник V вакцинасы өндірісін өз аумағында құрған алғашқы шетелдік мемлекет болды. А.Цойдың айтуынша, ақпаннан бері Қазақстанда әрбір 20-шы адам вакцина алған.

26 сәуірдегі жағдай бойынша ресми мәліметтерге сәйкес, 19 миллион халықтың арасында 309 мыңнан аса адам Covid-19 вирусын жұқтырған, олардың ішінде 3570-і қайтыс болған. Қазақстан – Орталық Азиядағы ірі экономикасы бар, табиғи ресурстар мен көмірсутектің бай қорына ие бұрынғы кеңестік республика.