Әрбір жердің өзінің тарихы мен айта қаларлық ерекшелігі бар. Кезінде Қордай ауданындағы ұлы Аңырақай даласындағы «Алтынқазған» деген жерді сол кездегі «Қызыл Октябрь» деп аталатын колхоздың қойшылары мекендепті. Білетіндердің айтуынша, сонда қойшылар жерде шашылып жатқан болаттарды теріп алатын болған екен. Бірақ асыл тастарды өңдейтін технологияның жоқтығынан, бәлкім ешкімнің мән бермегенінен, әйтеуір жердің астындағы қазына талай жыл бойы көзтаса болып келіпті.

Дегенмен, өзі туған жерді әйгілі Кенен Әзірбаевтың «Қордайдың тауы да алтын, тасы да алтын» деп жырға қосуы тегін емес. Қазақтың қарапайым әрбір жері қойнына қазына сақтаған қасиетті алқап. Сол қасиет Тәуелсіздік заманында ел игілігіне бастап отыр.
Жуырда ғана Ноғайбай ауылдық округінде алтын өндіретін кәсіпорын құрылысы ресми түрде іске қосылды. Өндіріс бір жағынан бәсекелестік бәсі болса, екінші жағынан қыруар табыстың көзі де. Аталған бастамаға «MONTERRA QAZAQSTAN» ЖШС қолдау көрсетуде. Әуелі Ноғайбай ауылында аталған серіктестіктің жаңа тау-кен металлургия комбинатының құрылысы басталып, оның ішіне уақыт капсуласы салынған болатын. Сонымен қатар тарихи шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, «MONTERRA GROUP AG» басқарма төрағасы Кристиан Граф фон Страхвиц және Германия Федеративтік Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер қатысқанын да айта кету керек.
Бүгінде алтын шыққан аймақты уақыт талабына сай дамыту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде өндіріс орнынан 6,4 тонна таза алтын қоры анықталды. Бірақ инвесторлар мен мамандардың айтуынша, қоршаған ортаға едәуір зиян келтіруіне байланысты олар цианидті қолдану арқылы бағалы металдарды өндіруден бас тартқан. Енді уақыт талабына сай технологияларды анықтау және сонымен жұмыс істеу маңызды болып тұр. Кристиан Граф фон Страхвицтің айтуынша, бес жылдан бері инвесторлар аталған жобаны жүзеге асыру жолында жұмыс істеп келеді екен. Сондай-ақ ол дайын құнды металды әуелі Қазақстан Ұлттық банкі сатып алуға құқылы екенін айтты. Мұнда енді 585 сынамалы алтын емес, таза алтын өндіріледі деп күтілуде. Қордай ауданында алтын өндіру жобасы толығымен іске асқан жағдайда, бұл облыс экономикасының өсуіне де серпін береді деуге болады. Сонымен қатар жарқын жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда 2 800 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Бұл жобаның жалпы құны 1,6 млрд еуроға тең. Жалпы, аталған жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашында 295 млрд теңге инвестицияланып, нәтижесінде жоспар бойынша бір тонна алтын өндірілуі тиіс. Бұдан кейін 235 және 310 млрд теңгенің жұмыстары атқарылатын болады. Ал алтын өндіру комбинаты толық қуатында жұмыс істегенде барып 10 мың килограмға дейін құнды металл өндіріледі. Осы уақытқа дейін инвесторлар бұл мақсатқа 6 млрд теңге салыпты. Енді геологиялық барлау жұмыстарына да жіті мән берілуде. Бүгінде жеті учаскеде геологиялық-барлау жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар төрт бөлімшеде жұмыс қарқынды жүргізілуде. Кен өндіру тереңдігі шамамен 350 метрге дейін жетеді.
«MONTERRA QAZAQSTAN» ЖШС бас директоры Меруерт Данбаева алдағы уақытта мұнда вахталық қалашықтың да салынатынын айтты. Жалпы, бір сөзбен айтқанда, Қордай ауданы аумағында алтын өндіру үшін барлық мүмкіндік қарастырылады.
Болашақта Қордай ауданы кен өндіру ісімен де елге танылатын болады. Алайда, алтын өндіру ісінде маман дайындау күрделі мәселенің бірі. Қазіргі кезде жергілікті жастарды Германиядағы жоғары оқу орындарына инженер мамандығын игеру үшін оқуға жіберу керектігі айтылуда. Сонымен қатар тиісті мамандарды жергілікті колледждердің базасында дайындау да маңызды болып отыр. Жергілікті жерде маман дайындау ісінің де қалай жүзеге асатынын уақыт көрсетеді.
Жамбыл облысы,
Қордай ауданы
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар