Коронавирус • 29 Сәуір, 2021

«Қызыл» аймақтағы өңірлер саны азайды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ведомствоаралық комиссия коронавирус бойынша еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызыл» аймақтағы өңірлер саны азайды

29 сәуірдегі мәлімет бойынша: «Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.