Дәл қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының 8 мыңнан астам қызметкері екпе алды. Олардың қатарында ТЖ министрлігінің басшылық құрамы, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, кинологтар, медицина қызметкерлері, ұшқыштар, Көкшетау техникалық институтының курсанттары және әскери бөлімдердің әскери қызметшілері бар. Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамын вакцинациялау жалғасуда.
Вакцинациядан бұрын әр қызметкер дәрігердің қарсы көрсетілімдері бойынша міндетті тексеруден өтеді. Дәрігер олардың дене қызуын, сатурациясын, артериялық қысымын өлшейді.