«Nur Otan» жанындағы Құқықтық кеңес отырысында қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа үш буынды моделін енгізу жөніндегі заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Партияның баспасөз қызметінің айтуынша, кеңестің басты міндеті – «Әділ құқық қорғау жүйесі» бағыты бойынша сайлауалды уәделерді орындау, оның ішінде заң жобалары мен қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейінгі тиісті Жол картасы әзірленді.
Бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов бұдан кейін жаңа үш буынды модель аясында адамды күдікті деп тану, іс-әрекетті айқындау және басқа да сол сияқты шешімдерді прокурор қабылдайтынын айтты. Сонымен қатар, енді тергеушілердің орнына айыптау актісін дайындауды да прокурорларға жүктеу ұсынылады.
Өз кезегінде Кеңес мүшесі Қайырбек Сүлейменов өкілеттіктерді қайта бөлуге байланысты прокуратура жүйесіне жұмыстың артып келе жатқанын ескере отырып, бастапқы кезде тек ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша ғана айыптау актісін жасауды тапсыруды ұсынды.
Құқықтық кеңестің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Қанат Мусиннің пікірінше, қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа моделі сот төрелігін іске асырудың парадигмасын түбегейлі өзгертеді.
«Қазақстан бүгінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің жоғары стандарттарын енгізу және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндеттемесін растау үшін өзінің қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруде. Бүгінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жетекші елдерінің тәжірибесі ішкі істер органдарының, прокуратура мен соттың өзара іс-қимылының классикалық моделі қандай болуға тиіс екенін көрсетіп отыр. Қылмыстық қудалау органдары, прокуратура және сот арасындағы сотқа дейінгі тергеу сатысындағы өзара іс-қимыл азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының тиімді жұмысы мен қорғалуын қамтамасыз етеді», деді Қанат Мусин.
Еске сала кетейік, өткен жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында полиция, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді нақты бөле отырып, сот төрелігінің үш буынды жүйесін енгізуді тапсырған болатын.
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі бензин бағасын өсіруді ұсынды
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Кеше
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Кеше
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Кеше
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Кеше
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Кеше
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • 25 Маусым, 2022
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • 25 Маусым, 2022
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • 25 Маусым, 2022
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • 25 Маусым, 2022
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • 25 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар