Үкімет • 29 Сәуір, 2021

Өрт сөндіру стансаларын салу жөніндегі жол картасы әзірленеді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін бейнеконференция байланысы режімінде Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың жалпы басшылығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Өрт сөндіру стансаларын салу жөніндегі жол картасы әзірленеді

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр орман-дала өрттерінің алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша тапсырмалар берді.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің төрағалығымен өткен комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдердің орынбасарлары, өңірлердің ТЖД бастықтары қатысты. Роман Скляр азаматтардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мүлікті қорғау мемлекеттің басым міндеті екенін атап өтіп, күштер мен құралдардың жедел ден қоюға дайындығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ авиацияны тартуды қарастыруды тапсырды.

Мүдделі мемлекеттік органдарға әкімдіктермен бірлесіп табиғат қорғау және орман мекемелерін өрт-техникалық жарақтармен жабдықтау, орман өрт сөндіру стансалары мен бақылау мұнараларын салу жөніндегі жол картасын әзірлеу тапсырылды.

Ю.Ильин қазіргі өрт қауіпті кезеңге қатысты 43 мың адам, 9 мыңнан астам техника, су ағызатын құрылғылары бар 10 тікұшақ және ірі өрт болған жағдайда 46 өрт сөндіру пойызы бар күштер мен құралдардың дайындығы туралы айтты. 4 мыңнан астам ерікті құрылым құрылды.

Әкімдіктер 400-ден астам өрт сөндіру бекеттерін құрды, олар 1273 елді мекенді қорғауды қамтамасыз етеді. Қабылданған шаралар туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Брекешев, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н.Дербісов, бірқатар облыс әкімдерінің орынбасарлары баяндады.