Аймақтар • 29 Сәуір, 2021

Пробация есебінде тұрған азаматқа құқықтық көмек көрсетілді

680 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Зайсан аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған «Ж» есімді азамат соттың 28.06.2018 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 291-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Пробация есебінде тұрған азаматқа құқықтық көмек көрсетілді

Қазір ол ҚР ҚК-нің 63-бабы 1-бөлігі негізінде пробациялық бақылауда тұр. «Ж» есімді азамат пробация қызметіне кезекті тіркелуге келген уақытта жеке куәлігінің жоғалғандығын айтып, көмек сұраған.

Пробация қызметінің негізгі бағыттарының бірі – есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсету.

«Осы орайда ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы №1131 қаулысымен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларының негізінде әлеуметтік құқықтық көмек көрсету бағдарламасы әзірленді.  Тиісті құжаттары өткізіліп, азаматтың жеке куәлігі қайта рәсімделді», деді Зайсан аудандық ПҚ инспекторы, әділет лейтенанты Ж.Орымханов.

Соңғы жаңалықтар

Серт және дерт

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Мәдени маусым басталды

Наурызнама • Бүгін, 08:20

Парапланды тізгіндеген

Қоғам • Бүгін, 08:15

50 балдырғанның тұсаукесері

Дәстүр • Бүгін, 08:10

Парасат майданының сардары

Тұлға • Бүгін, 08:00