Қоғам • 29 Сәуір, 2021

Кәсіпкер көпбалалы ананың 5 млн теңгеге жуық несиесін өтеп берді

373 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматылық кәсіпкер көпбалалы ананың қарызын өтеп, пәтерақысын төлеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкер көпбалалы ананың 5 млн теңгеге жуық несиесін өтеп берді

7 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Алмагүл Қозыбекова ауыр материалдық жағдайды игере алмай, Алматыдағы «Nur Otan» партиясының Алмалы аудандық филиалына жүгінуге мәжбүр болған. Оның жалға берілетін тұрғын үйді төлеуге және несие бойынша бірнеше миллион долларлық берешегін өтеуге ақшалай қаражаты жоқ екені белгілі болды.

Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Архат Омаров партияның аудандық филиалы алаңында әйелді қабылдап, мәселесін тыңдады. Нұротандықтар мен мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мобильді топ өтініш берушінің тұрғылықты мекенжайына барып, үлкен отбасының өмір сүруінің ауыр жағдайларын тіркеді.

«Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында «Nur Otan» партиясының мүшесі, кәсіпкер Ғабит Маматрайымов көмек сұрап келген әйелдің 5 млн теңгеге жуық несиесін толық өтеп, әйелдің жалға алып отырған үйінің пәтерақысын 2 жылға артығымен төлеген.

«Пандемия кезіндегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан біздің отбасымыздың қаржылық және тұрғын үй проблемаларын шешу үшін ақша тапқан Алматы қаласының нұротандықтарына, әкімдік қызметкерлеріне және кәсіпкерге шынайы ризашылығымды білдіремін», деді көпбалалы ана.

Айта кету керек, жыл басынан бері Алматы қалалық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қала және аудан әкімдері мен әкім орынбасарларының, Мәжіліс және мәслихат депутаттарының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары басшыларының, сондай-ақ заңгерлер мен адвокаттардың қатысуымен 283 азамат қабылдауда болды. Барлығы 2100-ден астам өтініш түсті. Олардың 43%-ы оң шешімін тапты, 53%-ы тегін консультациялық, құқықтық және өзге де көмек көрсетті, 4%-ы орындалып жатыр.