Аймақтар • 29 Сәуір, 2021

Оралда жылжымалы вакцинация пункті жұмысын бастады

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында тұрғындарды коронавирусқа қарсы екпемен көбірек қамту  мақсатында жылжымалы егу кешендері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда жылжымалы вакцинация пункті жұмысын бастады

БҚО денсаулық басқармасының мәліметінше, мобильді егу пункттері кешелі бері төрт ірі сауда орталығы мен базар жанында қойылған.

«Мұнда кез келген қала тұрғыны жеке куәлігін көрсетіп, коронавирусқа қарсы екпе ала алады. Алдымен медициналық тексеруден өтеді, егер денсаулығында бәрі жақсы болса екпе егуге жіберіледі. Оралдықтар отандық QazVac немесе ресейлік «Sputnik V» вакцинасының біреуін таңдауына қарай салғыза алады. Егу пункттері қалалық емханалардағы кабинеттер секілді сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін облыста 32937 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілді. Сондай-ақ 8408 адам екінші компонентті алып үлгерген.