Қазақстан • 29 Сәуір, 2021

«Қазақстандықтарға шетелге шығуға тыйым салынды»: ІІМ жауап берді

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде ІІМ қазақстандықтарға шетелге жылына бір рет қана шығуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірлеп жатқандығы туралы хабарлама тарады. Алайда, ІІМ баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалған екенін алға тартады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазақстандықтарға шетелге шығуға тыйым салынды»: ІІМ жауап берді

Жаңалықтың дереккөзі Instagram-дағы Qaznews24 сатиралық паблигінен алынған. Бұл аккаунттың анықтамасында барлық жарияланымдардың шынайы емес, тек көңіл көтеру мақсатында ойлап табылатындығы және шындыққа еш қатысы жоқ екендігі жазылған.

Дегенмен, блогерлер хабарламаны дереккөзді көрсетпестен таратып, оқырмандарды «жаңалықтың» шынайылығына сендірген.

Осы орайда ІІМ шетелге шығу санын шектеу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Инстаграм қолданушысы көші-қон саласындағы халықаралық келісімдерге қатысты жалған ақпарат жариялады. ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. ІІМ өз кезегінде келісімдерге қол қою кезінде ең алдымен азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауды басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 2-тармағына сәйкес, «Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар», делінген ведомствоның жауабында.

Айта кетейік, ҚР ҚК 247-бабына сәйкес жалған ақпарат тарату заң бойынша қудаланады.