Экология • 30 Сәуір, 2021

Елімізде 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 30 сәуір күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Кәсіпорынның мәліметіне сенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдай Теміртау, Талдықорған, Орал қалаларында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.