Қоғам • 30 Сәуір, 2021

Нұр-Сұлтандағы емханалар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамыр айындағы мереке күндері медициналық ұйымдар, яғни қалалық МСАК ұйымдары штаттық режимде жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтандағы емханалар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай қалалық емханаларда учаскелік дәрігерлер мен мобильді бригадалар жұмыс істейтін болады.

«Алда мерекелер бар, алайда біз халыққа медициналық көмек көрсету үшін үздіксіз жұмыс істей береміз. Қажет болған жағдайда пациенттер учаскелік дәрігерлерге жүгіне алады. Сол сияқты сағат 08:00-20:00-ге дейін жұмыс істейтін жылжымалы бригадаларды да шақыра алады. Ал «жедел жәрдем» қызметі тәулік бойы қызмет етеді. Жедел шақырулардың 4 санатына емханалардағы ЖМК қызмет көрсетеді», деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Рүстемова мереке күндері салалық мамандар жұмыс істемейтінін, ал жексенбіде тек кезекші дәрігерлер көмек көрсететінін атап өтті.

«Қала тұрғындары мереке күндері өз емханаларының колл-орталықтарына немесе учаскелік дәрігерлерге қоңырау шала алады. Байланыс нөмірлері олардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде көрсетілген», деді ол.