Тағайындау • 30 Сәуір, 2021

Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

686 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Руслан Хамбаров тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовты қызметтен босатқан еді.

Ал бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Руслан Хамбаров тағайындалды. Ол Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы «ҚазЦинк» ЖШС қаржы жөніндегі вице-президентінің көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары Қаржы министрлігі Салық комитетінің, Шығыс Қазақстан облыстық Салық департаментінің, Өскемен қаласы бойынша басқармасының бас маманы, Қаржы министрлігі Салық комитеті Астана қалалық Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, 2018 жылдың шілде айынан бастап 2020 жылдың наурыз айына дейін Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекекттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, 2020 жылдың наурыз айынан бастап Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар