Елбасы • 30 Сәуір, 2021

Елбасы: Ескендір Хасанғалиев – қазақ музыка өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты

1276 рет көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың біртуар әнші-композиторы, Қазақ КСР-ның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевтің өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«Ескендір Хасанғалиев өзінің қайталанбас туындылары арқылы қазақ музыка өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Оның «Атамекен», «Әдемі-ау», «Ескірмеген махаббат» сияқты патриоттық және лирикалық әндері қалың көпшіліктің жүрегінен ерекше орын алып, қазақстандықтардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен отаншылдық сезімін күшейте түсті.

Талантты тұлғаның артында қалдырған мол музыкалық мұрасы мен оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп кәміл сенемін», делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар

Жоспарын жоққа шығарды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Үздік ондықта Головкин жоқ

Кәсіпқой бокс • Кеше

Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл

Кәсіпқой бокс • Кеше

«Динамодан» жеңілді

Хоккей • Кеше

Креативті кітап дүкені

Аймақтар • Кеше

Жанбота жарап тұр

Спорт • Кеше

Ақын тұтынған кесе

Тарих • Кеше

Ұқсас жаңалықтар