Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, Баткен облысының Арқа жерінде тәжік әскери қызметшілері қырғыз азаматтарының тұрғын үйлеріне оқ жаудырылып, ауыл тұрғындары эвакуацияланды. Қалыптасқан жағдайға байланысты ҰҚК ШҚ шекара бөлімшелері қорғаныс позициясын ұстанып отыр.
Қырғыз Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 мамыр күні қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде Интернационал ауылынан тағы екі адам қаза тапты.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, тұрғындарға оқ тиіп қайтыс болған.
«Сот сарапшылары өлімнің уақыты мен нақты себебін анықтайды», деді Қырғыз Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев.
1 мамыр күні Баткенде шекараларды делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссия мүшелерінің келіссөздері басталуы керек. Бірақ Тәжікстан өкілдігінен кездесуге адам келген жоқ.