«Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ «Жаснұр» кәсіпорнымен бірлесіп, елордада 2021 жылдың навигациялық кезеңіне дайындық жұмыстарын бастады. Жолаушылар кемесінің (шағын көлемді кемелердің) қауіпсіздігін арттыру мақсатында Есіл өзенінің ішкі су жолдарындағы металл тіреулердің жағалық навигациялық-дабылдық белгілер, навигациялық белгілер (қалқымалар) және қосымша көпір белгілері орнатылады. Көрме жанындағы белгілердің бәрі тазалау, жуу және бояу кезеңдерінен өтеді. Содан кейін кептіріліп, соңғы кезеңде схема бойынша (навигациялық жабдықтың белгілері бар өзен учаскесінің сызбасы) белгілер орнатылады.
Елордада су жағасында серуендеу негізінен мамыр айында басталады. Жақын күндері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Есіл өзенінде жолаушылар теплоходы іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап
Түркістан облысында Отбасын қолдау орталығы ашылды
Отбасы • Кеше
ТМД Парламентаралық ассамблеясы отырысы
Саясат • Кеше
Сатира • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше