Аймақтар • 02 Мамыр, 2021

Алматы облысы «қызыл» аймаққа қайта енді

1086 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысы «қызыл» аймаққа қайта енді

Ал Атырау облысы, «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.