Аймақтар • 02 Мамыр, 2021

Алматы облысында жүк көлігі отқа оранды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Есік қаласында 40 тонналы жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында жүк көлігі отқа оранды

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы Алтын адам көшесінде жүк көлігі өртенгені туралы хабар 2021 жылы 2 мамырда сағат 11.43-те түскен.

«Оқиға орнына келген кезде 40 тонналық HOWA жүк көлігінің салоны өртенгені анықталды. Өрттің шығуына қозғалтқыш бөлігінің техникалық ақауы себеп болған. Зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.