Қоғам • 02 Мамыр, 2021

Түркі академиясының басшысы бауырлас Қырғыз еліне көңіл айтты

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қырғызстанның Баткен облысындағы ахуалға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркі академиясының басшысы бауырлас Қырғыз еліне көңіл айтты

«Бауырлас Қырғыз елінің Баткен облысында болған қайғылы жағдайға біздің де қабырғамыз қайысты. Қасиетті ораза айында оқ атылып, бейбіт азаматтар ажал құшты, көптеген жазықсыз жандар жараланды. Осыған орай, Қырғыз Республикасы Президентінің жарлығымен 1-2 мамыр аза тұту күні деп жарияланды.
Опат болғандарды Алла панасына алсын, олардың отбасыларына көңіл айтамыз. Жаралылардың тез сауығып кетуін тілейміз.
Мұндай қайғылы жағдай енді қайталанбайды деп сенеміз.
Біртуған қырғыз елімен біргеміз!», делінген көңіл айту хабарламасында.