03 Мамыр, 2021

Елімізде жұма намазына ресми рұқсат берілді

725 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында бүгін, яғни 3 мамырдан бастап мешіттерде жұма намаз оқылатынын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде жұма намазына ресми рұқсат берілді

«Бүгіннен бастап еліміз бойынша жұма намазына ресми түрде рұқсат берілді. Аллаға сансыз шүкір, мың тәубе...

Қасиетті Рамазан басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесіп, мұсылман үмбетінің өтініш-тілегін тағы жеткізген болатын. Міне – нәтиже. Шүкір. Ұзағынан сүйіндірсін. Әмин!», деп жазды баспасөз хатшысы.

Еске сала кетейік, 30 сәуірде Нұр-Сұлтан, Алматы және тағы басқа өңірлердің мешіттерінде намаз сыртта оқылған еді.