Аймақтар • 03 Мамыр, 2021

Құмар Ақсақалов: Өрт салдарынан баспанасыз қалғандарға көмек көрсетіледі

659 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Facebook парақшасында Желяково елді мекенінде шыққан өртке қатысты пікір білдіріп, баспанасыз қалғандарға көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Құмар Ақсақалов: Өрт салдарынан баспанасыз қалғандарға көмек көрсетіледі

«Кеше Қызылжар ауданы, Желяково ауылында қураған шөп жанып, 3 тұрғын үй және бос тұрған 3 үй өртеніп кетті. Қатты жел жұмысты қиындатқанымен, өрт сөндірушілер оттың таралуына жол бермеді. Ауылда 51 үй бар. Өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туыстарына уақытша орналастырылды, оларға қажетті көмек көрсетіледі», деді Құмар Ақсақалов.

Еске сала кетейік, 2 мамыр сағат 13.24-те 101 нөміріне Қызылжар ауданындағы Желяково елді мекенінде қураған шөп өртеніп, дауылдың салдарынан оның ауылға кірген. Сол күні күші секундына 28 метрге дейін жеткен дауыл олардың жұмысын қиындата түсті. Салдарынан 3 тұрғын үй, 3 бос тұрған үй және аумағы 501 шаршы метр болатын шаруашылық нысаны жанып кетті. Өрт тек сағат 20:25 минут кеткенде толық сөндірілді.