Елорда • 03 Мамыр, 2021

Елорда аумағында қамысты өртеген күдікті ұсталды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер елордада құрғақ шөп өртеген күдікті адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елорда аумағында қамысты өртеген күдікті ұсталды

2 мамырда сағат 12-22-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері келіп түскен хабарламаға байланысты Сарыарқа ауданы, Бөгенбай даңғылы 73/1 мекенжайы бойынша шықты. Келген бойда құрғақ шөптің жануы және өрт жақын маңдағы жеке үйге таралып кеткені анықталды.

«Қызметтің инспекторлары аталған аумақты тыңғылықты тексерді. Осы орайда камераларға өрт болған жерден жасырынған күдікті адамдар түсіп қалған», деді Полиция департаменті жедел басқару орталығының басшысы Қайрат Раушанов.

Елорда тұрғындары сағат 12:30 кезінде алкогольдік ішімдік ішіп отырған. Олардың бірі жанғыш затпен қапталған сымдарды өртеген. Осының салдарынан қызыл жалын тез арада қурап тұрған қамысқа таралған. Қазіргі кезде күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.