Көлде су деңгейі төмен болған. Сол себептен, балық жағаға шығып, өле бастаған. Ал, балықты жинап алуға көптеген жергілікті тұрғындар келген.
«Осыған байланысты құрамына біздің инспекцияның, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалының, облыстық балық шаруашылығы басқармасының, сондай-ақ, экология департаментінің өкілдері кірген арнайы комиссия құрылды. Кеше, 2 мамырда жиналған 470 келі өлі балық жойылды. Ал, 3 тоннадан астам тірі балық құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді», деді Нұрлыбек Гайсин.
Балықты құтқару жұмысына 10 инспектор, жергілікті тұрғындардан 40-қа жуық адам, әкімшілік 3, инспекциядан 4 техника тартылған.